Құрметті ата-аналар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы өзара түсіністік, сенім және жүйелі байланыс — балаға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі кепілі.
Біздің ортақ мақсатымыз — бақытты балалық шақ сыйлап, білімді, тәрбиелі, өзіне сенімді тұлға қалыптастыру.
Жаңа оқу жылы баршаңызға жемісті еңбек, өзара түсіністік, жарқын жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін!
🎓 Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!
Кұрметпен, «Еркемай» балабақшасының ұжымы
